Құрылыс салам десеңіз...

Әйтеке би ауданының елді-мекендерінің табиғи газбен қамтылуы және Комсомол ауылының бас жоспарына сәйкес 2016 жылдан бастап 770 жер телімінің жеке тұрғын үй құрылысы мақсатында берілуі құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілуіне себеп болды. Жер теліміне тұрғын үй құрылысын немесе коммерциялық нысандар құрылысын жүргіземін деген әр азаматтың «құрылысқа рұқсаттама құжаттарын қалай аламын» деп ойлануы таныс жағдай. Технологиялар дамыған заманда құрылысқа қойылатын талаптардың қатаң сақталынуы жіті қадағаланады. Бұл өз кезегінде көптеген туындауы ықтимал күрделі мәселелердің алдын алары сөзсіз. Құрылыстың қажетті жер телімінде, өрт қауіпсіздік талаптарына сай, көшенің сәулеттік келбетін бұзбай орналасуы қай уақытта басты назарда. Бұл талаптар жеке тұрғын үй құрылысынан бөлек барлық құрылыстарға да ортақ талаптар болып табылады. Құрылыс салуды жоспарлаған азамат бірінші кезекте құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу үшін «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын» алуы міндетті. Ол үшін «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»мемлекеттік көрсетілетін қызметінеэлектрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы үйде отырып-ақ өтінім беруіне болады. Мүміндік болмаған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» халыққа қызмет көрсету орталығының «өзіне өзі қызмет көрсету»секторы арқылы өтінім бере алады. Бұл ретте 4 құжат талап етіледі:- Белгіленген нысанға сәйкес өтініш;- Жерге құқық белгілейтін құжаты;- Сауалнама парағы;- Жобалауға арналған тапсырма.Қызмет көрсету уақыты нысанның күрделілігіне байланысты 6 жұмыс күнінен 17 жұмыс күніне дейін.Қызмет нәтижесі «Сәулет жоспарлау тапсырмасын» алу немесе дәлелді бас тарту хатын алу (5 жұмыс күні ішінде). Ендігі кезекте, құрылыс жүргізілетін нысанның (тұрғын үй, тұрғын үйге жалғай құрылыстар, көлікжай, монша, дүкен т.с.с.) эскиздік жобасын сәулет саласы бойынша жергілікті атқарушы органның келісімдеуден өткізу үшін «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтінім беріледі. Бұл ретте 3 құжат талап етіледі.
- Белгіленген нысанға сәйкес өтініш;- Сәулет-жоспарлау тапсырмасы;- Эскиздік жоба.Қызмет көрсету уақыты нысанның күрделілігіне байланысты 10 жұмыс күнінен 15 жұмыс күніне дейін.Қызмет нәтижесі эскиздік жобаны келісімдеу немесе дәлелді бас тарту хаты (5 жұмыс күні ішінде) жолданады.
Орындаған:
"Әйтеке би аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар тасымалы, автомобиль жолдары және
сәулет құрылыс және құрылыс бөлімі" ММ-сінің
жетекші маманы Н.Нагиметов