Семинар – кеңес өткізілді.

Ағымдағы жылдың 17 мамыры күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Шараға, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің, аудандық білім бөлімінің, аудандық ХҚКО-ның қызметкерлері және ауданымыздағы білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ББҰ) және мектепке дейінгі ұйымдардың (бұдан әрі – МДҰ) басшылары, олардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандары қатыстырылды.
Шара барысында, ББҰ мен МДҰ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі туралы, стандарт пен регламентке сәйкес қызмет көрсетудің жолдары туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ай сайынғы есебінің тапсырылуы туралы баяндалды.
Шара соңында, ББҰ мен МДҰ басшыларына баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді («Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» және «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру») Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету қажеттігі туралы ұсыныс енгізілді.