Семинар-кеңес өткізілді.

Ағымдағы жылдың 28-ші мамыр күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде: Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап мектепке қабылданатын 1 сынып оқушыларының құжаттарын электронды түрде қабылдау туралы болды.
Аталған шараға, мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандары қатыстырылды.
Шара барысында, электрондық түрде қызмет көрсетудің жолдары мен тәртібі және оның ережесі толығымен түсіндірілді. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап, ауданымызда 1 сыныпқа баратын балалары бар ата - аналар ЭЦҚ арқылы https://eaktobe.kz/ порталымен электронды түрде өтініш бере алады.
Аталған мәселе бойынша толғандырған сұрақтарға жергілікті жерлердегі мектеп директорларынан немесе 8/71339/22424 телефон нөмірінен нақты жауаптар алуға болады.
Орындаған: «Әйтеке би аудандық білім бөлімі» ММ-нің бас маманы А.Кыдралина.