СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 17 маусымы күні аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімшелерінің бірлесіп ұйымдастыруымен семинар-кеңес өткізілді.
Шараға, аудандық бөлімдердің және ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары қатыстырылды.
Шара барысында, «Digital agent» мобильді қосымшасы арқылы көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерiстер мен толықтырулар туралы, кезекті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос орындар» жәрмеңкесін өткізу жоспары және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет берушілер Заңға сәйкес біліктілік арттыру курстарынан өту қажеттілігі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласандағы есептердің тапсырылу тәртібі, Е-Қызмет ЫАЖ-мен жұмыс жасаудың жолдары, мемлекеттік қызметшінің икемді графигі туралы тағы да басқа бірнеше мәселелер туралы айтылды.