Семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 12-ші шілдесі күні "Құмқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша семинар-кеңес өткізілді.Шара барысында, ауылдық округ әкімдігі мен білім беру ұйымы және мектепке дейінгі ұйым арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің алу жолдары туралы түсіндірілді. Соның ішінде, биылғы жылдың маусым айынан бастап eaktobe.kz порталы арқылы іске қосылған, электронды түде жүзеге асырылып жаткан «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің алу жолдары мен тәртібі туралы баяндалды. Сонымен қатар, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау мақсатында «Digital agent» мобильді қосымшасының іске қосылғандығы туралы да қосымша айтылды.
Дайындаған: "Құмқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің жетекші маманы А.Смагулова