Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясына шақыру

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 10 және 18 баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Әйтеке би аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы 2019 жылдың шілде айының 22-не сағат 11-00–ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №246 «2019 -2021 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Бекенбаева.
2. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 наурыздағы № 274 «2019 жылға арналған Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Бекенбаева
4. Басқа да мәселелер.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: А.Дошаев