Аппараттық Кеңес отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 5-ші тамызы күні аудан Әкімі М.Елеусізовтің төрағалығымен Аппараттық Кеңес отырысы өткізілді.
Отырысқа, аудандық бөлім және ведомствалық бағынысты ұйымдардың басшылары қатыстырылды.
Отырыста, ауданымыздың мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша ағымдағы жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы тыңдалып, алдағы міндеттер туралы қаралды.
Отырыс барысында, аудан әкімі Әкімі бөлім басшыларына бекітілген жоспарға сәйкес көрсеткіштерді толық орындауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерінің бұзылуына жол бермеуді қатаң тапсырды.