Азаматтарды қабылдау жүргізілді

Ағымдағы жылдың 28-ші тамызы күні «Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау басқармасының бас маманы Алмаз Серикбайұлы Таскимбаев аудан әкімдігімен бірлесіп азаматтарды қабылдау өткізді.Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мәселелеріне қатысты болды.Азаматтарды қабылдау барысында, барлық қойылған көкейкесті сұрақтарға толық жауаптар беріліп, құқықтық көмек көрсетілді.