Семинар-кеңес өткізілді.

Ағымдағы жылдың 28-ші тамызы күні аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің ұйымдастыруымен семинар-кеңес өткізілді.Шараға, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау басқармасының бас маманы Алмас Серікбайұлы Таскимбаев, Әйтеке би аудан әкімі аппаратының басшысы Ербақыт Жаңбырбайұлы Қаржаубаев, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы Даурен Теміралыұлы Убайдуллин және аудандық бөлімдердің мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты мамандары қатысты.Шара барысында, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібі мен сапасы және Digital agent мобильді қосымшасымен жұмысы жасаудың жолдары туралы айтылды.