Семинар-кеңес және «Ашық есік» күні өткізілді

Ағымдағы жылдың тамыз айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Сарат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен семинар-кеңес және «Ашық есік» күні өтті.
Шараға, ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Шара барысында, «Электрондық Үкіметтің» веб-порталы арқылы алынатын қызметтер туралы мәліметтер айтылып, ауылдық округ бойынша көрсетілетін қызметтердің алу жолдары мен тәртібі туралы түсіндірілді.
Ақпарат дайындаған: «Сарат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ