«Ашық есік» күні өткізілді

Ағымдағы жылдың 28-ші тамызы күні «Әйтеке би аудандық балалар және жас өспірімдер спорт мектебі» КММ-сінің ұйымдастыруымен «Ашық есік» күні өткізді.
Шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен және осы қызмет түрі бойынша қызмет алудың жолдары мен тәртібін таныстыру болды.
Шара барсында, қызмет алушыларға 2019-2020 оқу жылдарында спорт саласы бойынша білім алу мақсатында спорт мектебіне тапсыруға тиісті құжаттар тізімі таныстырылды.