2019 жылы 2 қазан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті.

2019 жылы 2 қазан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды 1. Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №246 «2019 -2021 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 2. Азаматтық қызметші болып табылатын және Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы 3. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы №259 «Әйтеке би ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 4. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы №219 «Әйтеке би ауданы әкмдігі жанындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру жөніндегі комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 5.Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қантардағы №235 «Жасы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның Ережесін және жаңа құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. мәселелер қаралып сессия өз жұмысын аяқтады.