Мемлекеттік к·рсетілетін ·ызметтер ж·рме·кесі ·ткізілді.

Ағымдағы жылдың 26-шы қыркүйегі күні аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің ұйымдастыруымен аудандық ХҚКО ғимаратында, жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді.
Жәрмеңке өткізудің мақсаты - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындар арасында ақпараттандыру деңгейін арттыру және мемлекеттік органдардың жұмыстарын жандандыру болып табылады.
Ұйымдастырылған шара барысында, қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы консультативті-әдістемелік көмектер көрсетілді және ауыл тұрғындарының өзіне қажетті мәселелер бойынша қойылған сұрақтарына тікелей жауапты мамандар толық жауаптарын берді.