Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырықыншы сессиясына шақыру

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
қырықыншы сессиясына шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Әйтеке би аудандық мәслихатының кезектен тыс қырықыншы сессиясы 2019 жылдың қазан айының 14-не сағат 10-00–ге шақырылсын.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырықыншы сессиясының жалпы отырысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. Аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №254 «2019 - 2021 жылдарға арналған Әйке ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Әйке ауылдық округінің әкімі Н.Алипбаев.
2. Аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №256 «2019 - 2021 жылдарға арналған Комсомол ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Комсомол ауылдық округінің әкімі Р.Смагулова.
3. Басқа да мәселелер.
Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия төрайымы С.Биртаева