Комиссия мақұлдады.

2019 жылдың 14 қазан күні Әйтеке би аудандық мәслихатының «Экономика және бюджет», «Әлеуметтік және мәдени даму», «Өңірлік және салалық даму» жөніндегі бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті. Комиссияда 1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №254, «2019 - 2021 жылдарға арналған Әйке ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер еңгізу туралы. 2. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №256, «2019 - 2021 жылдарға арналған Комсомол ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер еңгізу туралы. 3. Бюджетті жоспарлау және атқарылуы барысында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы». 4. Аудан мектептерін жаңа 2019-2020 оқу жылына дайындығы туралы мәселелер қаралып, комиссия өз жұмысын аяқтады.