Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясын шақыру

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
қырық бірінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 18 баптарына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Әйтеке би аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы 2019 жылдың қараша айының 6-на сағат 10-00–ге шақырылсын.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібіне мына мәселе енгізілсін:
1. Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округіне қарасты Қарасу елді мекенін тарату туралы.
Хабарламашы: Әйтеке би ауданының әкімінің аппарат басшысы -Е.Қаржаубаев.
2. Әйтеке би ауданы «Комсомол ауылы» атауын «Темірбек Жүргенов ауылы» атауына, «Комсомол ауылдық округі» атауын «Темірбек Жүргенов ауылдық округі» атауына өзгерту туралы
Хабарламашы: Комсомол ауылдық округінің бас маманы А.Кульманова.
Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия төрайымы: С.Б.Биртаева