2019 жылы 25 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті қырық алтыншы сессиясы өтті.

2019 жылы 25 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті қырық алтыншы сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды: 1. «2020-2022 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы». 2. Аудандық мәслихаттың 2015 жылдың 23 желтоқсандағы №279 «Әйтеке би ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аймақтық даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер еңгізу туралы. 3. Әйтеке би ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының орындалуы және әлеуметтік маңызы бар азық –түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы. 4. Аудандық мәслихаттың 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы. 5. Аудандық мәслихат аппаратының штаттық құрылымы және штат кестесі, қызмет автокөлігінің лимиті туралы. 6. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі мен төрағасы туралы мәселелер қаралып сессия өз жұмысын аяқтады.