ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін, 9 қаңтар күні Әйтеке би ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық филиалының төрағасы Мәди Елеусізов, «Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық ғимаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындармен жеке қабылдау өткізді.Қабылдауға жергілікті тұрғындарға кеңес беретін бөлім басшылары қатысты.Аудан басшысы барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, тиісті бөлім басшыларына қолданыстағы заңнама аясында өз құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге көмек көрсетуді тапсырды.