ӘКІМДЕР ЕСЕБІ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» жарлығын жүзеге асыру мақсатында 2019 жыл 13 қаңтар күні, Әйтеке би ауданының әкімі Мәди Елеусізовтың Әйтеке би ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және Ақкөл ауылдық округі әкімі Рахила Сейтованың «Ақкөл ауылдық округінің 2019 жылғы даму көрсеткішімен 2020 жылға арналған міндеттер туралы» есепті кездесуі өтті. Есепті кездесуге Ақтөбе облысының индустриялық - инновациялық даму басқармасының басшысы Ермағамбетов Дархан Жанысханұлы қатысты. Аудан басшысы есепті кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауыл тұрғындары көкейіндегі сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ аудан әкімі өз кезегінде Ақкөл ауылына ауыз су мәселесінің шешілетінінде атап өтті.