Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық сегізінші сессиясын шақыру туралы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
қырық сегізінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 18 баптарына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Әйтеке би аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы 2020 жылдың ақпан айының 17-не сағат 11-00–ге шақырылсын.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық сегізінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. «Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 196 «Тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерін белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы».
Хабарламашы: Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы - Б.Бекенбаева.
2. «2020 жылға арналған Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы».
Хабарламашы: Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы - Б.Бекенбаева.
3. Басқа да мәселелер.
Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия төрайымы: С.Б.Биртаева