БАСТЫ МАҚСАТ - ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУ

2020 жылдың 11 ақпан күні Әйтеке би балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Басты мақсат - отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-әрекетті нығайту. Жиналысқа мектеп директоры К.Надиров, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Р.Ермағанбетов және аудандық ІІБ КТІЖ УПИ полиция капитаны Ж.Төлегенов қатысты. "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу", "Отбасындағы бала тәрбиесі" және "Жеке бас гигиенасы" тақырыбында баяндамалар оқылып, сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар мектептің ата-аналар комитеті сайланды. Жиналыс соңында ұрпақ тәрбиесі жолындағы оңтайлы ұсыныстар мен орамды ойлар айтылып, мектеп басшысы ата-аналарды алдағы уақытта осы бағытта бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.