Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

2020 жылы 12 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезекті қырық тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1.Аудандық мәслихаттың 2019 жылы атқарылған жұмыстары туралы.
2. Аудан инфрақұрылымын дамыту және өзге де мемлекетік бағдарламалар аясында өз міндеттерін жұзеге асыру бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2019 жылы атқарылған жұмыстары және 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
3. Аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №347 «2020 – 2022 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Ақтасты ауылы әкімінің өзіне жүктелген қызметтерін атқарылуы туралы есебі.
5. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 258 «Әйтеке би аудандық аумақтық комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер еңгізу туралы.
6. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 05 мамырдағы № 20 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссиясын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 239 «Әйтеке би ауданында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық қызметін үйлестіру комиссиясы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 235 «Жасы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның Ережесін және жаңа құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
9. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі мен төрағасы туралы мәселелер қаралып сессия өз жұмысын аяқтады.