Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу екінші сессиясын шақыру туралы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
елу екінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 18 баптарына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Әйтеке би аудандық мәслихатының кезектен тыс елу екінші сессиясы 2020 жылдың сәуір айының 9-на сағат 15-00–ге шақырылсын.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу екінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы №132 «Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия төрайымы: С.Б.Биртаева