Әйтеке би ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне конкурс жариялайды

2003 жылғы 20 маусымдағы №442-ІІ ҚР Жер кодексінің 43, 43-1 баптарын(әрі қарай Кодекс), ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Әйтеке би ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелерін жалға беруге конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1 бабының 9- тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Кодекстің 43-1 бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ Кодекстің 43-1 бабының 19-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қатысуға құқылы емес.
Конкурсқа ұсынылып отырған жер учаскелерінің тізімі мен конкурстың қағида талаптарын және жалға беру шартының үлгілерін «Әйтеке би аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен тікелей алуға болады. (байланыс телефоны:8(71339) 21572
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау, конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеуөтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі және өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша қабылданады.
Конкурс өткізу орны: Комсомол селосы, Жүргенов көшесі, №62 мекен жайда. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннің ертеңіне сағат 10-00
Конкурсқа шығарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің
тізбесі
Лот
Жер алқабыныңқысқаша сипаттамасы, (орналасуы, ауданорталығынан қашықтығы, топырақ құнарлығы, сумен қамтылуы, өңірдің мамандануы)
Көлемі,га
Жалға беру мерзімі, жыл
Лот 1
Жайылымдық жерлер, Қайрақты ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 160 км, топырақ бонитеті - 11, Қайрақты өзенінің бойы, мал шаруашылығын жүргізу
5000
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 2
Жайылымдық жерлер, Қайрақты ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 145 км, топырақ бонитеті - 11, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
5800
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 3
Жайылымдық жерлер, Қарабұтақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 133 км, топырақ бонитеті - 11, Манас өзені бойы, мал шаруашылығын жүргізу
5000
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 4
Жайылымдық жерлер, Қарабұтақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 130 км, топырақ бонитеті - 11, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
750
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 5
Жайылымдық жерлер, Қарабұтақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 75 км, топырақ бонитеті - 11, сумен - қамтылмаған , мал шаруашылығын жүргізу
460
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 6
Жайылымдық жерлер, Қарабұтақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 160 км, топырақ бонитеті - 11, Шолақ-Қайрақты өзенінің бойы, мал шаруашылығын жүргізу
6500
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 7
Жайылымдық жерлер, Қарабұтақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 70 км, топырақ бонитеті - 11, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
1000
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 8
Жайылымдық жерлер, Ақкөл ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 110 км, топырақ бонитеті - 11, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
1500
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 9
Жайылымдық жерлер, Ақкөл ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 110 км, топырақ бонитеті - 11, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
1500
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 10
Жайылымдық жерлер, Ақкөл ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 114 км, топырақ бонитеті - 11, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
957
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 11
Жайылымдық жерлер, Сарат ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 50 км, топырақ бонитеті - 11, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
1500
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 12
Жайылымдық жерлер, Сарат ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 60 км, топырақ бонитеті - 11, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
4000
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 13
Жайылымдық жерлер, Сарат ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 90 км, топырақ бонитеті - 11, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
4063
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 14
Жайылымдық жерлер, Басқұдық ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 120 км, топырақ бонитеті - 9, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
3000
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 15
Жайылымдық жерлер, Басқұдық ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 115 км, топырақ бонитеті - 9, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
1000
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 16
Жайылымдық жерлер, Басқұдық ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 170 км, топырақ бонитеті - 9, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
10 000
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 17
Жайылымдық жерлер, Құмқұдық ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 40 км, топырақ бонитеті - 15, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
2000
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 18
Жайылымдық жерлер, Ақтасты ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 90 км, топырақ бонитеті - 12, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
492
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 19
Жайылымдық жерлер, Әйке ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 115 км, топырақ бонитеті - 13, сумен - қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу
2800
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 20
Егістік жерлер, Жамбыл ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 50 км, топырақ бонитеті - 31, егін шаруашылығын жүргізу
1100
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 21
Егістік жерлер, Жамбыл ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 50 км, топырақ бонитеті - 31, егін шаруашылығын жүргізу
970
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 22
Егістік жерлер, Комсомол ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 30 км, топырақ бонитеті - 30, егін шаруашылығын жүргізу
380
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 23
Егістік жерлер, Комсомол ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 18 км, топырақ бонитеті - 31, егін шаруашылығын жүргізу
103
10 жылдан49 жылға дейін
Лот 24
Жайылымдық жерлер, Қызылжұлдыз ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 55 км, топырақ бонитеті - 12, Шідер өзенінің бойы, мал шаруашылығын жүргізу
950
10 жылдан49 жылға дейін
Барлығы:
60825