Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
2020 жылы 17 маусым күні аудандық мәслихаттың кезекті елу үшінші сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. 2019 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
2. Ақтөбе облысы тексеру комиссиясының 2019 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы.
3. Аудан көлемінде салық салу базасын кеңейтуді жүзеге асырудағы аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының атқарылып жатқан жұмыстары туралы.
4. Комсомол ауылдық округінің 2019 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы.
5. Қарабұтақ ауылдық округінің 2019 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы.
6. Әйке ауылдық округінің 2019 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы.
7. Денсаулық сақтау саласының жұмысы, өзекті мәселелері және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру туралы.
8. Ауданда санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы.
9. Аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №347 «2020-2022 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
10. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 131 «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
11. Әйтеке би аудандық маслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.
12.Әйтеке би аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 36 «Аудан орталығы Комсомол ауылының Бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
13. Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрамын және Ережесін бекіту туралы.
14. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылы 05 мамырдағы №20 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
15. Әйтеке би аудандық маслихатының 2019 жылғы 28 қарашадағы «Пробация есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
16. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 шілдедегі №254 «Әйтеке би ауданы әкімі жанындағы марапаттау комиссиясын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
17. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 сәуірдегі №39 «Әйтеке би аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық қызметін үйлестіру комиссиясын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
18. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 09 қарашадағы №68 «Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
19. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 09 қарашасындағы «Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
20. Әйтеке би аудандық маслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі №253 «Аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөнінде кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
21. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы №219 «Әйтеке би ауданы әкімі жанындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру жөніндегі комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
22. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі мен төрағасы туралы мәселелер қаралып сессия өз жұмысын аяқтады.