Әйтеке би аудандық мәслихатының хабарламасы

Әйтеке би аудандық мәслихатының хабарламасы
Әйтеке би аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес төмендегі сайлау комиссияларының мүшелерінің шығып кетуіне байланысты құрамына өзгерістер енгізу басталғанын хабарлайды:
№134 учаскелік сайлау комиссиясы (Құмқұдық ауылы) -2
№138 учаскелік сайлау комиссиясы (Темірбек Жүргенов ауылы) -2
№143 учаскелік сайлау комиссиясы ( Жамбыл ауылы)-1
№144 учаскелік сайлау комиссиясы (Үшқатты ауылы)-1
№150 учаскелік сайлау комиссиясы (Белқопа елді мекені)-3
№151 учаскелік сайлау комиссиясы (Ақкөл ауылы)-1
№153 учаскелік сайлау комиссиясы (Қияқты елді мекені)-1
№155 учаскелік сайлау комиссиясы (Ұлғайсын елді мекені)-1
Әрбір Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда , мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық ұйымдар , олардың құрылымдық бөлімшілері мәслихатқа 2020 жылғы 19 тамыздан 3 қыркүйекке дейін келесі құжаттарды ұсынады:
1)Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидатуралардың белгілінген нысан бойынша электрондық және қағаз нысандағы мәліметтері;
2)Саяси партиялардың қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы шешімінің хаттамасынан үзінді;
3)Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшілерінің (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжаттын көшірмесі;
4) Кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы, белгілінген нысан бойынша өтініші.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидаттар үшін қажетті мәліметтердің нысаны, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру өтініші Әйтеке би аудандық әкімшіліктін сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарын сай болуы тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік – аумақтық бірліктің шегінде тұрақты тұруы қажет. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23- бабының 3- тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда сайлау комиссиясының құрамының жартысынан көбі бір мемлекеттік ұйымнан болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-анасы, баласы, асырап алушылар, асырап алғандар, туған ағасы, апасы, әжесі, атасы, немересі) жұбайы кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен расталған, құжаттардың орындалған күні, орындаған адамның аты-жөні, әкесінің аты және телефон нөмірі болуы тиіс.
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов ауылы, Т.Жүргенов к-сі 62, Әйтеке би аудандық мәслихаты , Байланыс телефондар: (8-713-39)-21715,22233, факс: (8-713-39)-21715, e-mail: aytekebi_maslihat@mail.ru