Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
2020 жылы 24 тамыз күні аудандық мәслихаттың кезекті елу бесінші сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы аудан әкімінің есебі.
2. 2016-2020 жылдарға арналған Әйтеке би ауданының даму бағдарламасының орындалу барысы туралы.
3. Жергілікті полицияның аудан көлемінде қоғамдық тәртіп пен қылмыстың алдын - алу бағытында атқарылған жұмыстары туралы.
4. Аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 347 «2020-2022 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 ақпандағы № 375 «Аудандық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер еңгізу туралы.
6. Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 225 «Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7. Әйтеке би ауданының ауылдық елді - мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы.
8. Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 ақпандағы № 371 «2020 жылға арналған Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
9. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі мен төрағасы туралы мәселелер қаралып тиісті шешімдер қабылданды.