«Әскери қызмет  - абыройлы міндет!». Азаматтарды әскери қызметке шақырамыз.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561 IV Заңының 32 бап негізінде «Медициналық қызметтің мамандарын келісімшартбойынша әскери қызметке қабылдау туралы» 29 жасқа дейінгі, аудан тұрғындары денсаулық жағдайы жарамды, соттылығы жоқ, мамандығы дәрігер болып табылған азаматтарды әскери қызметке шақырамыз.
Мекен-жайымыз: Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Ардагер көшесі №3.
Телефон нөмірлері: 8(71339) 21-2-11, 21-6-88.
«Әскери қызмет  - абыройлы міндет!»
Әйтеке би ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 17,27,28,31 баптарының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 ақпандағы  №840 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердізапасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын  2019 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсаныныда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығы, Әйтеке би ауданы  әкімінің 2019 жылдың 20ақпандағы № 36 «Азаматтарды 2019 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қаматамасыз ету туралы» қаулысына сәйкес шақыру комиссиясының азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға  немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады. «Әскери міндеттілік-Қазақстан  Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі Конституциялық міндеті ». Сондықтан әскери борышын өтеуден жалтарған азаматтар заң жүзінде жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің 387-бабы «Әскери қызметтен жалтару» сәйкес:
1) Әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару-бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2) мынадай: өзінің денсаулығына зиян келтіру арқылы; аурумын деп жазылған сылтаурату жолымен; жалған құжат жасау немесе өзге деалдау арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет –үш  мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас  бостандығын шектеуге не сол мерзімге  бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту: Аудандағы әскерге шақырылушыларды ҚІЖ бөліміне медициналық тексеруден өтуге шақырамыз.
Жасақтау топ бастығы:лейтенант Д.Бекзадаев