Салық төлеушілер назарына

«Дара кәсіпкерді тіркеу»
1) көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер (бұдан әрі – ДК) ретінде тіркеу есебіне қою – көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
ДК куәлігінде көрсетілген тіркеу деректерін өзгерту, ДК куәлігін алмастыру және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректерді өзгерту – құжаттарды алған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
орындалмаған салық міндеттемелерінің болмауы шартымен көрсетілетін қызметті алушыны ДК ретінде тіркеу есебінен шығару – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорациясы – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорациясы – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) ДК ретінде тіркеу есебіне қойған және ДК куәлігінде көрсетілген тіркеу деректері өзгертілген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ДК куәлігін беру;
2) ДК тіркеу есебінен шығару (шығарудан бас тарту) туралы жазбаша растауды беру немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында ДК тіркеу есебінен шығару (шығарудан бас тарту) туралы ақпаратты орналастыру - ДК тіркеу есебінен шығару (шығарудан бас тарту) кезінде;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы.
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы (бұдан әрі - акция) ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен (бұдан әрі - комитет) Қазақстан Республикасы аумағында 2016 жылдың 1 сәуірі мен 15 желтоқсан аралығында өткізіледі жалпы республикалық іс-шара болып табылады.
1. Акцияның негізгі мақсаты
- азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін жоғарлату;
- халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-кассалық аппаратының қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;
- азаматтарды тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу;
- Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша салық төлеушілерді және қоғамды бақылау-кассалық аппаратын пайдалану талап етілетіндігін ақпараттандыру;
- бақылау-кассалық машинаны қолданысқа енгізу арқылы Қазақстандағы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейту.
- көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту;
- кәсіпкерлер арасында шынайы бәсеке ынтыландыру.
2. Акцияға қатысушылар
Акцияға қатысушылар – акция жүргізу кезінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алғанын акцияны ұйымдастырушыларына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алған кезінде берген түбіртектерді табыстау жолымен дәлелдеген Қазақстан Республикасының азаматтары.
Акцияға қатысуға құқы жоқтар:
- мемлекеттік кірістер органы қызметкерлері;
- заңды және жеке тұлғалар – кәсіпкерлер өздерінің атына тіркелген бақылау-кассалық машинаның түбіртектері бойынша.
3.Кассалық чектер келесі анық оқылатын ақпараттарды қамтуы тиіс:
- Салық төлеушінің атауы;
- Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН);
- Бақылау кассалық машинасының зауыттық нөмірі;
- Салық органдарында тіркелген бақылау-кассалық машинасының тіркеу нөмірі;
- Чектің реттік нөмірі;
- Сатып алынған тауардың, атқарылған жұмыстың, жүргізілген қызметтің күні мен уақыты;
- Тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы немесе сатып алу сомасы;
- Фискалды белгі.
4.Акцияны өткізу тәртібі
Акцияға қатысушыларға да, түбіртек санына да шектеу қойылмайды.
Акция «Атамекен» ҰКП-ның қаржылық қолдауымен шығарылған «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы электронды түрде өткізіледі. Мобилді қосымша таза қазақстандық өнім және отандық программисттермен жасақталғанын ескере кеткен жөн. Бұл қосымшаны смартфондар және басқа да гаждеттердің барлық түрлерін қолдану арқылы тегін түрде көшіріп, қондыруға болады. Акцияға ҚР-ның азаматтары фискальды түбіртектің суретін суретке түсіру арқылы өздерінің тауарлар мен қызметтерді сатып алғандығын растау арқылы қатыса алады. Егерде фискалдық түбіртек берілмесе азаматтар бұл жөнінде уәкілетті органдарға шағымдана алады.
Акция өту барысында барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында әр ай сайын ұтыстарды яғни жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтарды табыс ету жұмыстары жүргізіледі.
Бақылау-кассалық машинасының түбіртегі акцияға бір рет қана, акцияның жүргізу кезіндегі 1 сәуірден бастап 30 қараша дейін кез келген айында қатыса алады.
Акция үш кезең бойынша өтеді:
- бірінші кезең аудан деңгейінде, қала ішіндегі аудандарды қоса алғанда, сондай-ақ аудандар бойынша аумақтық бөлінулері жоқ қалалар.
- екінші кезең облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалаларда;
- үшінші кезең республикалық деңгейде.
Акция жеңімпаздары түбіртектерді кездейсоқ ойнату жолымен жариялы түрде анықталады.
5. Ұтысты жүргізу процедуралары
Бағалы жүлделерді ойнату мынадай тәртіпте өткізіледі:
- Астана, Алматы қалалары, облыстар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерімен ай сайын ;
- Комитетпен – 2016 жылдың желтоқсан айының аяғында жүргізіледі.
Облыстар және Алматы, Астана қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерімен өткізілетін, бағалы жүлденің ұтыс купонын ұтып алған соңғы иегер, Комитеттің орталық аппаратында ойналатын бас жүлдеге, яғни автомобильге үміткер болады.
Бас жүлдені ойнату Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комиетінің мәжіліс залында өтеді. Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.
Акция жеңімпаздары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz. интернет - ресурсында жарияланады.